«Карантин режимін сақтауды бақылау мақсатында арнайы мониторингтік топ құрылған болатын. Жүргізген іс-шаралар нәтижесінде осы уақытқа дейін 3423 адам әкімшілік жауапқа тартылды. Оның 126-сы заңды тұлғалар. Тәжірибе көрсеткендей, карантинді кейбір азаматтар сақтамайды. Азаматтар той тойлайды, клубтарға барады, кальян тартады», - дейді Қанат Таймерденов.
Сонымен қатар, ол рейд кезінде бірқатар заңсыз жұмыс істеген нысанның анықталғанын атап өтті.
«5 сауна, 7 түнгі клуб, 32 кафе, 17 мейрамхана, 12 массаж салоны және 7 караоке клуб анықталып, олардың иелеріне қатысты әкімшілік кодекс бойынша 236 айлық есептік көрсеткіш ретінде 39 млн теңге айыппұл салынды», - деді ол.