«Эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты, 13 наурыздан бастап Алматыда оқушылар онлайн режимге қайта көшеді», - деді білім басқармасы.
Бұған дейін Алматыда 43-тен астам мектеп дәстүрлі білім алуға көшкен болатын.
Қалада жалпы 287 мың оқушысы бар 278 мектеп бар. Оның ішінде 270 мың оқушыға білім беретін 207 - мемлекеттік және 17 мың оқушысы бар - 17 жекеменшік білім ошағы.
10 наурызда Алматы короновирус бойынша «қызыл» аймаққа енді. Қалада 13 наурыздан бастап карантин шаралары күшейді.
Алматы Мемлекеттік бас санитарлық дәрігер Жандарбек Бекшин мектеп сыныптарында оқушы саны 25-ке жеткізілмеуі тиістігін айтты.