АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда күшейтілген карантин режимін бұзушыларды « Сергек» камералары арқылы анықтап, жауапқа тартады. Бұл туралы онлайн-брифингте қалалық ПД бастығы Қанат Таймерденов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Біз «Сергек» камералары түсірген бейнежазбаларды қолданатын боламыз. Бізде бұл камералар қаланың периметрі бойынша барлық 27 блокпостта орнатылған. Біз мегаполиске кіріп-шыққандарды қадағалаймыз және планшеттерге енгіземіз. Сондай-ақ, қаланың ішінде де «Сергек» жүйесін қолданатын боламыз. Бұл бейнежазбалар бізге сотта адамның карантиндік режимді бұзғанын дәлелдеу үшін қажет», – дейді Қанат Таймерденов.
Бұған дейін, қалада карантиндік шараларды күшейту үшін 26 бекет ұйымдастырылатынын хабарлаған болатынбыз.
Алма Мұқанова
Алма Мұқанова Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының «Кино және Телевизия» факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, республикалық телеарналарда түрлі қызметтер атқарған. 2019 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің тілшісі. ҚР Журналистер одағының мүшесі.