Алматыда коронавирус инфекциясын жұқтырудың 18639 оқиғасы тіркелді. Алматы қаласы әкімінің тапсырмасы бойынша санитарлық-эпидемиялық шаралардың сақталуын бақылау мақсатында Алматыда құрамына аудан әкімдіктерінің, жергілікті полиция қызметінің өкілдері, сондай-ақ «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының қызметкерлері енген 32 мониторингтік топ күшейтілген жұмыстарын жалғастыруда. COVID-19 таралуы бойынша Алматы «сары аймақта».
2020 жылдың 8 қазанынан 2021 жылдың 02 қаңтарына дейін 700 іс-шара өткізіліп, 5916 нысан қамтылды. Тексеру қорытындысы бойынша 1142 (19,3%) нысаннан карантиндік шаралардың бұзылуы анықталды. ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы 1-бөлігі бойынша шектеу іс-шараларын сақтамағаны үшін жалпы 107 млн теңгеден астам сомаға барлығы 997 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды.
Сонымен қатар, соңғы аптада, 2020 жылдың 28 желтоқсаннан бастап 2021 жылдың 02 қаңтарына дейін 44 тексеру іс-шаралары жүргізілді. Соның нәтижиесінде карантин шараларын бұзудың 337 фактісі анықталды. Олардың басым бөлігі Әуезов, Бостандық, Медеу аудандарына тиесілі.
462-баптың 1-тармағы «тексеру жүргізуге кедергі келтіру» және 462-баптың 3-тармағы «бұзушылықтарды жою жөніндегі нұсқамаларды орындамау» бойынша барлығы 17 материал сотқа қарауға берілді.
Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына аудандар бойынша төмендегідей материалдар жіберілді:
- Медеу ауданы – 7 материал («Манана»-2 мейрамханасы, «Отрар бар» ЖШС, «Централ» -1 дәмханасы, «Hookan Dreems»-1 лаундж бары, «Глобал Фудэнд» ЖШС, «Оранжери Group» ЖШС рестобар-1, «BM Trade Company» ЖШС «Артист»-1 бары);
- Түрксіб ауданы - 4 материал («Раяна» мейрамханасы Илахунов ЖК, «Атлантис» бильярд клубы Бижанов Р.М. ЖК, «Прованс» дәмханасы, «Шашлычный двор» дәмханасы);
-Алмалы ауданы - 3 материал («Арагоста» дәмханасы, «Дегирмен», «Дореми» караокесі);
- Әуезов ауданы – 3 материал ( «Мята»-1 лаунж бары, «Алмалы»-2 караоке-бары, «Playstation Go»-1 ойын клубы).
Бүгінгі таңда сот келесі нысандар бойынша 1 айға қызметін тоқтата отырып, 100 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салу туралы шешім шығарды: «До ре ми» караокесі - Бисенева Л. ЖК; «Дегирмен» дәмханасы – «ASM group» ЖШС; «Atlantis» бильярд клубы - Бижанов Р. ЖК; «Раяна» дәмханасы - Илахунов ЖК; «Прованс» - ДиСи Гарибян ЖК; «Hookan Dreems» дәмханасы – «Suddenly» ЖШС, «Оранжери» рестобары – «Оранжери Group» ЖШС.
«Арагоста» диско бары – «АсЖан» ЖК бойынша - қызметін 3 айға тоқтата отырып, 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салу туралы шешім шығарылды.
Алматы әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарын эпидемиологтар белгілеген қауіпсіздік талаптарын ескеріп, бетперде режимін, әлеуметтік қашықтықты сақтауға және мүмкіндігінше адамдар көп жиналатын орындарға бармауға шақырады.