Алматыда карантин режимін бұзғандарға 78 млн теңгеге айыппұл салынды
Алматыда коронавирус инфекциясын жұқтырудың 18163 оқиғасы тіркелді. Алматы қаласы әкімінің тапсырмасы бойынша санитарлық-эпидемиялық шаралардың сақталуын бақылау мақсатында Алматыда құрамына аудан әкімдіктерінің, жергілікті полиция қызметінің өкілдері, сондай-ақ «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының қызметкерлері енген 32 мониторингтік топ күшейтілген жұмыстарын жалғастыруда.
8 қазан мен 27 желтоқсан аралығында 648 мониторинг шаралары жүргізілді, оның барасында 5464 нысан қамтылды. Соның нәтижесінде карантин шараларын бұзудың 1100 фактісі анықталды.
Мониторингтік топтар жүргізген тексерістер нәтижесінде келесі шаралар қабылданды: карантин шараларын сақталмағаны үшін әкімшілік құқықбұзушылық жөнінде 959 хаттама толтырылды. Жалпы сомасы 78,1 млн теңгеге заңды және жеке тұлғаларға айыппұл салынды. Жүйелі бұзушылықтар бойынша 16 материал сотқа берілді.
Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына аудандар бойынша төмендегідей материалдар жіберілді:
- Алмалы ауданы - 3 («Арагоста», «Дегирмен» дәмханалары, «Дореми» каракокесі);
- Әуезов ауданы - 3 ( «Мята» лаундж бары, «Алматы» караоке-бары, «Playstation Go» ойын клубы);
- Медеу ауданы - 7 («Манана»-2 мейрамханасы, «Отрар бар» ЖШС (Танцы) - 4, «Централ»-1 дәмханасы, «Hookan Dreems»-1 ланудж бары, «Глобал Фудэнд» ЖШС Небо-1 бары, «Оранжери Group» ЖШС рестобар-1, «BM Trade Company» ЖШС «Артист»-1 бары);
-Түрксіб ауданы - 3 («Раяна» мейрамханасы Илахунов ЖК, «Атлантис» бильярд клубы, Бижанов Р.М. ЖК, «Прованс» дәмханасы.
Сонымен қатар, сот шешімі бойынша «Оранжер» рестобары («Оранжери Group» ЖШС); «Прованс» дәмханасы («Ди Си» ЖК) және «Раяна» дәмханасының («Илахунов»ЖК) қызметі бір ай мерзімге тоқтатылып, иелеріне 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.
Алматы әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарын эпидемиологтар белгілеген қауіпсіздік талаптарын ескеріп, бетперде режимін, әлеуметтік қашықтықты сақтауға және мүмкіндігінше адамдар көп жиналатын орындарға бармауға шақырады.