Жиында журналистер эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауына байланысты қалада карантин күшейтіле ме деген сұрақ қойды.
«Бұл бағытта қандай шаралар қабылданатындығы пысықталуда. Жаңа шектеу шаралары туралы кейін айтатын боламыз», - деді Бекшин.
Оның айтуынша, 2021 жылдың 1-26 қаңтар аралығында 332 рейд жүргізіліп, 2544 нысанда 180 (7%) заңбұзушылық анықталған. Осы бағытта 107 хаттама толтырылды, оның ішінде 29 заңды тұлғаға 10 399 105 теңге айыппұл салынған. Ал 78 жеке тұлғаға маска режимін бұзғаны үшін 3 412 890 теңге айыппұл салынды.
ҚР ӘқбК 462-бабының 3-тармағымен 12 материал сотқа берілді.
Еске салсақ, 27 қаңтардағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы бойынша Қазақстанның 6 облысы мен 2 қаласы әлі де «қызыл» аймақта тұр. Олар: Ақмола, Павлодар, Атырау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстары мен Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары.