«20 маусымда Кәсіпкерлік басқармасы, СЭС, жергілікті полиция қызметі, аудан әкімдіктері өкілдері арнайы рейд өткізді. Комиссия 42 мекемеде эпидемиологиялық талаптар сақталмағанын анықтады», - деді әкімдіктен.
Алатау ауданында 4 нысанда: «Лейла», «Эмиль», «Ким- ган-сан», «Шах» дәмханасында;
Алмалы ауданында - 10 нысанда: «Cafe Leffe», «Якорь», «Пинта» «Альберто», «Вахтангури», «Shavlego», «Тандыр», Gastro bar, «Steak & Ноокаh «Sababa», «Finik» дәмханаларында;
Әуезов ауданында - 4 нысанда: «My town», «Ай», «Луна» дәмханаларында, «Sky sport» компьютерлік клубында;
Бостандық ауданында – 13 нысанда: «Элефант», «Түшпара», «Orient», «McDonald's», «Мята Platinum», «Mr.Donerci», «Пинта», «Bahandi burger», «Brother's Burger», «Пловхана», «Мармарис», «Мармарис», «Craft bar» дәмханаларында;
Медеу ауданында - 10 нысанда: «Бла- бла», «Белладжио», «Қазақ ауылы», «Винная лавка», «Бродвей бургер», «Бармаглот», Крем Брюле, «Violet rooms» кинотеатрында, «Алаша», «Манана» мейрамханаларында;
Түрксіб ауданында - 1 нысан «Жемчужное» дәмханасында эпидемиологиялық талаптар сақталмаған.
Бұл нысандардың барлығына ҚР ӘқбК 462-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды.