Құжатқа сәйкес, балалар кабинеттерінің, түзету орталықтарының, балалар мен ересектерге арналған білім беру орталықтарының қызметіне рұқсат етіледі. Топтағы адам саны 15-тен аспауы керек.
Сондай-ақ, толымдылығы 50 адамнан аспайтындай мәдени нысандар мен концерт залдарының (дайындық) қызметіне рұқсат берілді: театрларда, кинотеатрларда көрермендер залының толымдылығы 30% аспауы тиіс. Ал хайуанаттар бағында маскалық режим мен әлеуметтік қашықтықты қатаң ұстану қажет.
Автор: Еламан Тұрысбеков