Алматыда карантинге байланысты электр қуатын тұтыну көлемі азайған

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда карантинге байланысты коммуналдық желілерге түсетін жүктеме көбейген. Бұл туралы бүгін Алматыда қалалық Энергетикалық тиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының басшысы Әсет Масабаев онлайн брифинг барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жүктеме өте ұлғайды. Сумен қамту, электр энергиясымен қамту бойынша көп сауал келеді. Өтінімдер 20%-ға артты. Өйткені, көп адамдар карантинде үйінде отыр. Энергокешендер қалыпты режімде жұмыс істеп тұр. Ешқандай оқыс жағдай болмайды деген үміттеміз», - деді басқарма басшысы.

Оның айтуынша, электр энергиясын тұтыну көрсеткіші тұрғындар арасында артқан.

«Бірақ өнеркәсіп орындары жұмыс істемей тұрғандықтан қалада жалпы электр энергиясын тұтыну 18-19 пайызға төмендеген. Су мен электр энергиясын тұтыну тұрғындар арасында өсті», - деді Әсет Масабаев.