Алматыда қарапайым заттар экономикасы бойынша 67 жоба мақұлданды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Айтуар Қошмамбетов бизнесті қолдау қорытындысы мен алдағы жылға арналған жұмыс жоспары туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, қарапайым заттар экономикасы бойынша Алматыда бүгінгі таңда 122,4 млрд теңгеге 67 жоба қаржыландырылып, мақұлданды. Тағы құны 12,4 млрд теңге болатын 7 жоба құжат қаралып жатыр.

Жақында Алматы әкімінің орынбасарының төрағалығымен жергілікті қамтуды бақылау жөніндегі комиссияның 27 отырысы өтті.

Биылғы 11 айда Алматы бойынша «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы шеңберінде құрылыс объектілері бойынша жергілікті қамту үлесі (бұдан әрі – ЖҚҮ) 89%-ға жетті.

«Қарапайым заттар экономикасы» салалары бойынша 11 айда жеңіл өнеркәсібінде ЖҚҮ — 61%; жиһаз өнеркәсібінде ЖҚҮ — 73%; құрылыс материалдары өнеркәсібінде ЖҚҮ — 64%; тамақ өнеркәсібінде ЖҚҮ— 77%; химия өнеркәсібінде ЖҚҮ — 83%; машина жасау өнеркәсібінде ЖҚҮ — 45%-ға жетті.