«Оңтүстік Каспий циклонының келуімен Қазақстаннын оңтүстік-шығысында жауын-шашын түсті. Солтүстіктен келген суық ауа массасының ықпалымен жаңбыр соңы қарға айналды. Бүгін күн бұлтты болады, бірақ жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде -8, -13, күндіз -3, -8-ге дейін суытады», деді «Казгидромет» РМК кезекші маманы.
Оның айтуынша, 30 қарашаға қарай ауа райы бірте-бірте жылына бастайды.
«Аптаның соңына қарай ауа райын антициклон қалыптастырады. Яғни, ауа температурасы түнде -8, -13-ден -3, -8-ге дейін түссе, күндіз -3, -8-ден 2 градусқа дейін көтеріледі. Бірақ түнде тұман басып, көктайғақ болады»,-деді ол.