Алматыда қария өз үйінде өртеніп кетті
08:02, 08 Қазан 2013
АСТАНА. 8 қазан. ҚазАқпарат - Алматы қаласында жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты, деп хабарлайды ҚР ТЖМ.
Өрт 40 минут ішінде ауыздықталды. Жалын шамамен 2 шаршы метр аумақты шарпыды. Оқиға орнынан 1937 жылы туған ер адамның мүрдесі табылды.