Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Торайғыров көшесінде төселген арық желісінің торы мен кәріз қақпағын алып кеткен. Күдіктілерді полиция ізін суытпай тапқан.
«28 және 30 жастағы екі ер адам мүліктерді металл өткізетін жерге сатпақ болған. Олар бұрын да осы тектес қылмыс жасағын үшін істі болған. Қазір оларға қатысты ҚР ҚК 188-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер уақытша оқшаулау орнына қамалды», - деді Бостандық ауданы полиция басқармасының басшысы Дәурен Өтебаев.