Алматыда кәріз суы өзенге аққан - экологтар

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы экологтары Медеу ауданындағы Терісбұлақ өзенінің ластануына байланысты тексеру жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

9 қазанда Экология департаментінің инспекторлары мен «Алматы Су» МКК мамандары Медеу ауданындағы Терісбұлақ өзенінің ластануына байланысты кешенді тексеру жүргізді.

«Тексеру барысында нөмірі 66 және 68 үйлер арасында кәріз құдығынан лас су Терісбұлақ өзеніне ағатыны анықталды. Бұл дерек бойынша Экология департаменті «Алматы су» МКК қатысты жоспардан тыс тексеруді бастады», - деді департаменттен.

Қазір қосымша тексеру жүргізіліп жатыр, оның нәтижесі кейінірек жарияланатын болады.