АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 16 жасар жасөспірім қарт адамды жұдырықтың астына алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оның видеосы желіде тарап жатыр.
Алматы қалалық полиция департаменті аталған дерек Қылмыстық кодекстің 293-бабы бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасына қарасты полиция бөлімінде тіркеліп, тергеу жүріп жатқанын хабарлады.
«Осы қылмысты жасады деген күдікпен кәмелетке толмаған 2007 жылы туған Ж. есімді азамат ұсталды. Оқиғаның басқа да мән-жайы анықталу үстінде. Тиісті сараптамалар тағайындалды»,- деп хабарады ведомстводан.
Алма Мұқанова
Алма Мұқанова Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының «Кино және Телевизия» факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, республикалық телеарналарда түрлі қызметтер атқарған. 2019 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің тілшісі. ҚР Журналистер одағының мүшесі.