АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Бүгін Алмалы ауданының орталық саябағында қарттар күніне арналған іс-шара аясында спорттық іс-шаралар өтіп жатыр. Атап айтқанда, йога, скандинавиялық жүріс, фитнес билер, айкуне, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Алмалы ауданы әкімдігінен мәлім еткендей, бұл іс-шараның мақсаты - егде жастағы тұрғындардың денсаулығын нығайту, белсенді әлеуметтік өмірге тарту. Оған Алмалы ауданының 50-ге жуық аға буын өкілдері қатысуда.
Ал таза ауадағы спорттық шаралар Ганди атындағы саябақта, Сосновый, Прокофьев атындағы жаяу жүргіншілер аймағында өтеді. Сонымен қатар, ауданның құрметті азаматтарының қатысуымен ағаш отырғызу ұйымдастырылады.
Алма Мұқанова
Алма Мұқанова Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының «Кино және Телевизия» факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, республикалық телеарналарда түрлі қызметтер атқарған. 2019 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің тілшісі. ҚР Журналистер одағының мүшесі.