Оған ҚР Алматы қаласындағы өңірлік қаржы орталығы қызметін реттеу агенттігі (АӨҚО ҚРА) ұйытқы болып отыр. Агенттік төрағасының орынбасары Дархан Нұрпейісовтың айтуынша, бұл шара алғаш рет былтыр Алматыда ұйымдастырылған. Сол кезде-ақ оның жыл сайын өтетін дәстүрлі шараға айналатыны белгілі болды. Биыл сәуір айында мұндай шара Астанада да өтті.
"Қаржы өнімдері көрмесінің басты мақсаты - халықты диллерлік және брокерлік компаниялардың қызметімен бір жерден таныстыруға мүмкіндік жасау. Биылғы көрменің басты ерекшелігі, оған инвесторлардың жаңа категориясының қосылуы болып отыр. Бұлар - мемлекеттік қызметкерлер. Оларға ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап құнды қағаздар сатып алу құқы берілді. Демалыс күндерімен тұспа-тұс келгендіктен қаржы өнімдерінің көрмесіне бұл жолы мемлекеттік қызметкерлердің де баруына мүмкіндік жасалып отыр. Сондай-ақ онда брокерлік келісімшарттар жасауға, тегін өтетін қаржылық сауаттылықты көтеруге арналған семинарларға қатысуға да жағдай туғызылған", дейді Дархан Нұрпейісов. Оның айтуынша, ҚР Алматы қаласындағы өңірлік қаржы орталығы қызметін реттеу агенттігі қор нарығына алғаш рет шығып жатқан кезде халыққа қаржылық құралдармен жұмыс жасауға кеңес бермейді. Алғашқы кезде олар үлестік қорлардың пайларымен жұмыс жасауды үйрену керек. Акция мен облигациялармен екінші кезеңде ғана жұмыс жасауы тиіс. Жалпы биылғы жылы қаржы нарығына 6 жаңа эмитент шықты. Олардың жаңа қаржылық құралдары бар.