«Әсіресе «400x100» эстафетасы бойынша жарыс аса қызықты өтті. Мұнда жарыс жолына сегіз басқарманың қызметкерлері шыққан болатын. Бұл жерде жедел әрекет ету басқармасының қызметкерлері алдарына жан салмады. Екінші орында - экономикалық қылмыстарды тергеу басқармасы. Ал үшінші орын сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының еншісінде кетті. Сонымен қатар 16 келі кір тасын көтеруден бірінші орынды бөлім бастығы Александр Сатов жеңіп алды. Ол кір тасын 57 рет көтерді. Енді жеңімпаздар алдағы 6 маусым күні Алматыда болатын қаржы полициясы органдарының 20 жылдығына арналған салтанатты жиында марапатталады» - деді Алматы қалалық қаржы полициясы баспасөз қызметінің жетекшісі Жақсылық Жақыбаев.
Бүгінгі спартакиадаға тек тек қаржы полициясының қызметкерлері ғана емес, сонымен қатар олардың отбасылары да қатысты. Олардың арасында доппен ойналатын әр түрлі ойындар мен викториналар ұйымдастырылды. Жеңімпаздарға сый-сыяпаттар көрсетілді.