деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қаңтардың 25 күні жалған полиция қызметкері Пятницкий көшесінде орналасқан тігін цехының басшыларына өзін қаржы полициясының қызметкерімін деп таныстырып, тексеру жүргізетінін ескертеді. Ол артынша 3 мың доллар берсе тексерістің болмайтынын айтады. Бұған келіскен мекеме директоры 1 мың доллар берген. Артынша оның қызметтік куәлігін талап еткен. Бұны естіген жалған «полиция қызметкері» қашуға әрекеттенген. Бірнеше минуттардан соң алаяқ полицияның қолына түсті. Тексеру барысында оның 1964 жылы туған Нұрлан есімді қала тұрғыны екені анықталған. Алаяқ өз әрекетін жүзеге асыру үшін «БМВ» маркалы көлігін жалға алып, нағыз қаржы полициясының қызметкерінің кейпін жасауға тырысқан. Қазіргі кезде қалада осыған ұқсас 3 қылмыстың тіркелгені анықталған. Қаржы полициясы өкілдерінің айтуынша, ұсталған күдіктінің бет әлпеті, қылмыс жобалары алдыңғы қылмыстарға ұқсас. Қазіргі кезде тексеру жүргізілуде. Күдіктінің үстінен ҚР ҚК-нің 177-ші «Алаяқтық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.