деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Шараны "Фор-Экспо" және "Фор-Экспо Қазақстан" көрме компаниялары халықаралық кәсіби тәуекел менеджерлер қауымдастығының қолдауымен ұйымдастырған.
Отырыс барысында ҚР қаржы ұйымдары мен қаржы нарығын бақылау, реттеу агенттігі, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры, Қазақстандық қор биржасы, «Қазкоммерцбанк» АҚ, «Қазақстан темір жолы» АҚ-ның өкілдері қазіргі дағдарыс жағдайында тәуекелділікті басқару тәжірибесі туралы баяндады. Сондай-ақ Қазақстандағы және әлемдегі тәуекелділікті басқару саласына қаржы дағдарысының әсері, жаңа бағыттары, болашағы мәселелері талқыланды. Бұл мәселе төңірегінде «Қаржы саласын дамытудағы тәуекелділік менеджментінің рөлі» атты дөңгелек үстел мәжілісі ұйымдастырылды.
«Марш» халықаралық консалтингтік компаниясының Қазақстандық өкілдігінің вице-президенті Бибігүл Әмірованың айтуынша, Қазақстанда соңғы 3 жылда тәуекелділікті басқару қатты дамыған. Әлемдік дағдарысқа байланысты қаржы саласындағы тәуекелділік менеджменті қайта қаралып, өзгеріске ұшыраған. Жалпы алғанда әлемдік ауқымның шеңберінде дамып келеді деуге толық негіз бар.
Отырыс соңында әлемдік Марш консалтинг компаниясының Германиялық өкілдігінің директоры Марк Пааш қатысушыларға арнап «Экономикалық құлдырау кезіндегі тәуекел менеджерінің ролі» атты шеберлік сыныбын өткізеді.