Алматыда кәсіби-техникалық білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастық мәселелеріне арналған алқалы жиын өтеді

АЛМАТЫ. 25 наурыз. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда 29 наурызда «Кәсiби-техникалық бiлiм беру саласындағы халықаралық ынтымақтастық» деп аталатын дөңгелек үстел жиыны болады.

Оны Ұлыбританияның білім мен мәдениет жөніндегі халықаралық Бритиш консул (British Council) ұйымы ұйымдастырып отыр. Ұйымның Маркетинг және коммуникация менеджері Елена Симнің айтуынша, бұл басқосудың басты мақсаты - кәсiби-техникалық бiлiм беру саласында табысты халықаралық серіктестiк тәжірибесін құру және бірлескен оқу жоспарларын жасау мүмкіндігімен таныстыру. Онда Бритиш консулдың «Жұмысқа орналасу дағдылары» жобасының аясында ҚР Бiлiм және ғылым министрлiгiнің қолдауымен қазақстандық және британдық колледждердiң арасындағы ынтымақтастықтың нәтижелерi ұсынылмақ. Бұл жоба кәсiби-техникалық бiлiм беру және бiлiм мен өнеркәсiптiң арасығында тығыз байланыстарды ынталандыру саласындағы ұлттық реформаларды нығайту жолымен кәсiби дағдылардың дамытуға бағытталған.