Бұл туралы бүгін журналистермен болған апталық брифингте Ішкі істер министрлігінің Тіл саясаты және ақпарат департаментінің бастығы Нұрділдә Ораз мәлім етті.
Оның мәліметтеріне қарағанда, ақпан айының басында беттеріне бетперде киген 4 азамат кәсіпкердің үйіне басып кіріп, үй иесі мен оның кәрі шешесіне тапанша кезеніп, құны 4,5 миллион теңгені құрайтын әшекейлік бұйымдарды алып кеткен. «Іздестіру шараларының барысында осы оқиғаға қатысқан 4 азаматтың 3-уі ұсталып, олар сот шешімімен бас бостандықтарынан айырылған. Ал төртінші азамат, Алматы қаласының 28 жасар тұрғыны өткен аптада Қапшағай қаласында қолға түсті»,-деді департамент бастығы.
Оның келтірген деректері бойынша, тап осы тектес оқиға Алматыда өткен
жылы орын алған. Онда материалдық жағдайынан жақсы хабары бар Алматы облысының 27 жасар тұрғыны 50 жастағы кәсіпкердің үйіне басып кіріп, оны ұрып-соғып құны 1,5 миллион теңге тұратын дүние-мүлкін қолды еткен. Осы оқиғаға қатысы бар деген азамат ұсталып, оның елдегі өзге де қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.