Алматыда кәсіпқой велоспортшылардың Орталық Азия аймағындағы тұңғыш жарысы өтіп жатыр

None
АЛМАТЫ. 6 қазан. ҚазАқпарат - Алматыда кәсіпқой велошабандоздардың «Алматы велотуры» өтіп жатыр. Оған 11 құрлықтық, 4 ұлттық, 3 кәсіпқой құрлықтық, 1 аймақтық, 1 клубтық команда қатысуда.

«Елбасымыздың спортқа деген саясатының арқасында біз бүгін қаламызда бірінші рет кәсіби велотур өткізіп отырмыз. Оның бәрі елімізідң өсіп-өнгенін көрсетеді. Мұндай кәсіби турлар әр жерде өткізілмейді. Бұл Орталық Азия өңірінде тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған шара. Сондықтан бұл біріншіден бізге құрмет, екінші жағынан үлкен жауапкершілік», - деді қала әкімі Ахметжан Есімов.

ҚР Дене шынықтыру және спорт істері агенттігінің төрағасы Ерлан Қожағапановтың айтуынша, 2020 жылға дейін спортпен айналысушылар үлесін 30 пайызға жеткізу туралы тапсырма бар. Алматы кәсіпқой велосипед жарыстарын өткізетін қалалар қатарына қосылды. Енді осындай бұқаралық спорт арқылы жаңа спорт жұлдыздары шығатын болады.