«1000 қайырымды іс» бағдарламасының негізінде 23 қазанға дейін 1 мың баланы жүзуге, желтоқсан айына дейін 1 мың баланы атқа мінуге үйрету жоспарланып отыр.
Басқармадағылардың айтуынша, бірінші кезекте балалар үйі мен аз қамтылған отбасылардың балаларын аталған шараға қатыстыру жоспарланған.
Қазіргі уақытта кәсіби мамандар балаларды қаладағы 5 бассейн кешенінде жаттықтырып жатыр.
Атқа мінуді «NOMAD» каскадерлар тобы үйретеді.