Аталған фильм өткен ғасырдың 40-ыншы жылдары Алматыда тұрып, өмірдің небір қиын-қыстау сәттерін басынан кешкен жасөспірім жайлы. Фильмде сондай-ақ 40-ыншы жылдардағы Алматының бейнесін тұңғыш рет көруге мүмкіндік тумақ.
Владимир Куниннің «Мика мен Альфред» романының желісі негізінде түсірілген фильмдегі рөлдерді Майкл Йорк, Даниил Страхов, Юрий Беляев, Богуслав Линда, Мария Шукшина, Антон Макарский, Екатерина Редникова, Игорь Лифанов, Наталья Орынбасарова, Владимир Толоконников, Шерхан Әбілов, Талғат Теменов, Алдабек Шалбаев, Талғат Бектұрсынов, Ержан Жарылқасынұлы сомдаған. Қазақстан мен Ресейдің бірлескен туындысы бұған дейін мәскеулік түркі өнері мен киносының «Прометей» фестивалінде лауреат атанып үлгерген болатын.