Мерекелік шара «Almaty Symphony» Алматы симфониялық оркестрінің концерттік бағдарламасымен ашылды.
Педиатрия орталығының дәрігерлері мен мейірбикелері кішкентай пациенттерді дәстүр бойынша флешмоб арқылы құттықтады.
Сонымен қатар, орталықта жүйелі түрде ем қабылдайтын Сымбат Құрманбек, Арина Горохова, Аяжан Үкібай жиналғандарға өлең оқып, би билеп, ән салды.
Шара барысында «сурет және қолөнер» көрмесіне балалардың қолынан шыққан туындылар қойылды.
Ертегі мен мультфильм кейіпкерлері балалармен естелікке суретке түсті. Ал аниматорлар бүлдіршіндердің көңілін көтеріп, түрлі ойындар ойнады.
Мерекелік шара соңында балаларға сыйлықтар мен тәттілер таратылды.
Фото: gov.kz