Алматыда «Қауіпсіз қала» шарасы басталды

АЛМАТЫ. Маусымның 14-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - ҚР Ішкі істер министрінің бұйрығымен Алматыда бүгіннен бастап «Қауіпсіз қала» жедел-сауықтыру шарасы басталды,

деп хабарлайды қалалық ІІД-нің баспасөз қызметі.

Шараның мақсаты жол қауіпсіздігін күшейту. Шараға жол полициясымен қатар криминалдық және көші-қон полициясы, өзіндік қауіпсіздік қызметі пен шолғыншы қызметі, учаскелік полиция мен ІІД-нің басқа да құрылымдары жұмылдырылады.

«Бұл күндері жол полициясының қызметі қатаңдатылған режимге көшіріледі. Негізінен жол ережесін бұзу, жол-көлік оқиғаларының алдын-алуға бағытталады», дейді ІІД-нің жол полициясы басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі Мұхтар Аманбеков. Оның айтуынша, қоғамдық көлік пен жүк көліктері де ерекше бақылауда болады. Сонымен қатар жастар ұйымдары мен ҮЕҰ-дардың қатысуымен көлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілерге жол ережесін сақтау туралы түсіндіру шаралары жүргізіледі. Шара маусымның 18-не дейін жалғасады.