Ол 21 жастағы «Алматы-1» темір жол вокзалының маңында орналасқан тұрғын үйлердің маңында қолға түскен.
«Бізде бар ақпаратқа сүйенсек, оған мұндай қылмысты орындауына Алексей есімді жігіт көмектесіп отырған. Қазіргі уақытта оған іздестіру салынды. В. есімді азамат елдің көзіне іленбес үшін қара киім киіп, түнгі уақытта өз ісін іске асырып отырған. Оның киген киімі сол маңдағы «Буран-165» шолғыншы экипаж назарына ілінген», дейді Түркісіб аудандық ІІБ бастығының орынбасары, полиция полковниигі Пархат Мадалиев.
Владимир мопедтерді оталдырмаған күйі әкетіп отырған.
«Тергеу барысында күдікті бұрын ұрланған екі мопедті қайда жасырғанын көрсетті. Қалғандарын сатып үлгерген. Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жалғасуда. Тексере келе оның заңды жолмен жұмыс істегісі келмейтін қауіпті ұры екендігін анықтадық», деп атап өтті өз сөзінде полковник.