Бір күннің ішінде қалада жауған қардың қалыңдығы 4-6 см-ді құрады, ал Медеу ауданында қардың қалыңдығы 10-15 см асты.
Бұл туралы Алматы қаласы Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы хабарлайды.
Қаланың коммуналдық қызметтері бүгін түнде дереу іске кірісіп, таң атқанша бірнеше рет қаланың жолдары мен көшелерін тазалап, 1750 тонна құм шашқан. Қарды тазалау жұмыстарына барлығы 86 арнайы техника, 105 қызметкер жұмылдырылған. Түске дейін қаладан 390 мың текшеметр қар шығарылған. Қазіргі уақытта қарды тазалау жұмыстары қайта қарқын алып жалғасуда.
Бұл жұмыстар жергілікті атқарушы органдардың жіті бақылауында.