Алматыда қайтыс болған 97 жастағы қарттың өлімі коронавирустен емес – ҚР ДСМ

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Денсаулық сақтау минстрлігі Алматыда қайтыс болған 97 жастағы қарттың өліміне қатысты жағдайды түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

«Бұған дейін хабарланғандай, өлім ми қан айналымының бұзылуынан туындаған қайтымсыз табиғи салдардан орын алған. Коронавирус инфекциясы басқа да бірқатар ауыр аурулар секілді ілеспелі болды. Осыған байланысты Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы жанындағы коронавирусты жұқтырған науқастардың өлім жағдайын зерттеу жөніндегі комиссия аталған өлім жағдайын коронавирустың салдарынан болды деп есептемеуге шешім қабылдады. Осымен елімізде коронавирус инфекциясының кесірінен 25 адам көз жұмды»,-делінген министрліктің хабарламасында.