деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Новое поколение» республикалық газетінің және Медеу ауданы әкімшілігінің қолдауымен ұйымдастырылған шарада еліміздің танымал өнер, спорт шеберлері шеберлік дірістер өткізді. Белгілі дизайнер Балнұр Асанова кескіндемеден, дзюдо федерациясы дзюдодан дәріс өткізсе, таэквандодан Әлем және Азия чемпионы Олеся Романчук өз шеберлігімен бөлісті. Қаламызда жалғыз ер адам - кітапханашы саналатын Максим Гольбрайхт өлең жаза білудің сырларын үйретті.
"Акцияның мақсаты - өсіп келе жатқан жас ұрпаққа еліміздің танымал мәдениет және спорт қайраткерлерінің әр түрлі шеберлік дәрістері арқылы мәдени-құндылықта тәрбие беру болып табылады. Негізі акция өткен жылы желтоқсан айында басталған болатын. Сол кезден бастап еліміздің танымал әртістері мен суретшілері, сонымен қатар спортшылар өз қолдарымен 9 майка тігіп, қолтаңбаларын қалдырды. Қазір әрқайсысы эксклюзивті сувенир болып табылады. Бүгін осы майкалар сахнада көрсетіліп, одан кейін сатылады», дейді акцияны ұйымдастырушы, «Новое поколение» газетінің бас редакторының орынбасары Махаббат Ұзақова. Оның айтуынша, эксклюзивті майкаларды сатудан түскен қаражаттар қаланың жағдайы нашар отбасыларына бөлініп беріледі.
Шара аясында Қазақстан эстрада жұлдыздарының және Хит ТВ музыкалық арнаның жүргізушілерінің қатысуымен гала-концерт өтті.