деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл заттар - аз салмақтағы нәрестелер үшін операцияға жасауға қажетті құрал-жабдықтар.
«Біз үшін бұл үлкен көмек. Бізді қайырымдылық көмектердің бір-ақ рет көрсетілмейтіндігі және құрал-жабдықтардың көрмеде тұрмай, қажетіне жарап жатқандығы қуантады. Қорлар бұған дейін де көптеген көмектер көрсетті. Мысалға, өткен жылы біздің дәрігерлер Италия елінің Бергамо атты ең ірі клиникасында жүрек ауруына жасалатын ең қиын операция жасау түрі бойынша жарты жыл бойы тәжірибе жинақтап келді. Соның арқасында, қызметіміз арта түсіп, біз жылдың басынан бері 30 нәрестеге операция жасадық, оған дейін бір-екі ғана операция жасалынатын. Біз қазір 5 келіден төмен салмақтағы балаларға операция жасаймыз, бұған дейін тек 10 келі саламақтағы балаға жасалынатын. Мен сондықтан алғысымды айтамын», деді А.Н.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының кардиохирургия бөлімінің меңгерушісі, профессор Арыстан Сейдәлі. Оның айтуынша өткен жылы орталықтың кардиохирургия бөлімінде 3 жастан төменгі балаларға 80 операция жасалынған, оның 27-сі омырау еметін нәрестелерге жасалынған.
«Аяла» қайырымдылық қоры Президентінің Кеңесшісі Жангелді Сәрсеновтың айтуынша жақын арада 30 миллион теңге көлеміндегі ірі жоба іске асады. «Біздің қор қызметінің негізгі бағыты - балалар емханасына көмек көрсету. Сондықтан, біз еліміздің ең кішкентай азаматтарына көмек көрсетуді қолға алып, жарты жылдан астам уақыттан бері балалар кардиохирургия мәселесімен айналысып келеміз. Өкінішке орай, бүгінгі күні Қазақстандағы Балалар кардиохирургиясы өте аянышты жағдайда. Бүгінде жылына жүрек ұстамасы ауруымен (парок сердце) дүниеге келетін 3 000 баланың, 2 пайызына ғана операция жасалынады, 80 пайызы 1 жасқа жетпей дүниеден өтіп жатыр. Мүмкіндігі барлар ғана шет елдің медициналық көмегіне жүгінуде. Ал, жағдайлары жоқ ата-аналардың балалары, өкінішке орай, дүниеден өтіп жатыр. Біз сияқты азаматтық қоғам бар, олар көмек көрсетуде, «қатып, тұрып қалған сеңді қозғауда», бірақ, бұл үлкен еліміз үшін аз шара. Бұл мәселе Үкімет деңгейінде шешілу керек. Сонда ғана бұл мәселе шешімін табады», деді Жангелді Сәрсенов.
Ол сонымен қатар, «біздің дәрігерлермен арманымыз - осы орталықта жеке Балалар кардиохирургия бөлімін ашу. Сонда біздің дәрігерлер одан да көбірек операция жасай алады. Бүгінгі күні омыраудағы нәрестелерге операция үлкендерге жасайтын жерде жасалынады. Біздің ендігі мақсатымыз - қаражат жинап толыққанды Балалар кардиохирургия қызметін жасау және құру. Сонымен қатар, біз қазір осы сынды орталықтардың перзентханалармен тығыз қарым-қатынас орнатуын қарастырып жатырмыз. Өйткені, ұстамалы жүрек ауруымен дүниеге келген балаға дәл сол уақытында көмек көрсетпесе, 1-2 күннен кейін ол бала өліп қалу мүмкіндігіне душар болады», деп атап өтті ол.