Алматыда Қазақ физиология қоғамының VII съезі өтеді

АЛМАТЫ. 9 қыркүйек. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Алматыда қыркүйек айының 14 - 16 күндері аралығында Қазақ ұлттық аграрлық университетінің базасында «Заманауи физиология: клеткалық-молекулалықтан интегративтікке дейін - денсаулық пен ұзақ жасаудың негізі» атты тақырыпта Қазақ физиология қоғамының VII съезі өтеді.

Аталмыш шара ҚазССР ҒА академиктері Н.У. Базанова мен Ф.М. Мұхаметғалиеваның 100 жылдық мерейтойларының құрметіне арналған.

Съезд жұмысына Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Моңғолия, Израиль мемлекеттерінің ғалымдары қатысады.

Басқосуда бүгінгі заманауи физиология және ондағы мәселелер, Қазақстандағы физиология ғылымының негізін қалау мен оны дамытудағы рөлі, жас буынның инновациялық білім беру қызметіне қалыптасуы сынды тақырыптар талқыланатын болады.

Шара барысында атақты академиктердің өмірі мен ғылым жолындағы еңбектерін баяндайтын фильм көрсетіліп, ғалымдардың әріптестері мен достары олар жайлы естеліктер айтады.