деп хабарлайды ҚазАқпарат .
«Үш жүз орындық бұл білім ордасы - физика-математика пәндерін тереңдетіп оқытып, қытай, ағылшын тілдері жоғары дәрежеде үйретіледі. Оның өзге мектептерден ерекшелігі - жеке оқу ғимараты сапалы білім беру негізінде қазіргі заман үлгісіндегі материалдық-техникалық базамен жабдықталған. Шетелдік оқу орындарымен әріптестік байланыс орнату да жолға қойылып, оқушыларды 3 мезгіл тамақтандыру мен оларды мектепке әкелу және үйлеріне жеткізіп тастау жағы да қарастырылған», дейді «Абылай-Т» гиназиясының директоры Талмаш Ибрагимова.
Т. Ұлықбекқызының айтуынша, гимназияда мектепалды дайындық тобы да жұмыс істейді. Онда - дамыта оқыту, психологиялық қызмет, логопед, ағылшын тілі, демалыс бөлмесі және 3 мезгіл тамақтандыру қызметтері бар.