Алматыда Kazakhstan fashion week сән апталығы басталды

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Kazakhstan fashion week сән апталығы өтіп жатыр. Шараның биылғы 12-ші маусымының талаптары қатаң. Бұл жолы іріктеуден өткен 9-ақ дизайнер ғана туындыларын ұсынып жатыр. Сән жиынының алғашқы күнінде 3 дизайнер туындыларын көрсетті, деп хабарлады «ҚазАқпарат» тілшісі.

Сән апталығының алғашқы күнінде қазақстандықтар Лария Джакамбаева мен Алексей Чжен және Тамара Ламанукаеваның сонымен қатар, грузиялық тігін шебері Тико Небиеридзенің киім үлгілері таныстырылды.

Айта кетейік, «Kazakhstan fashion week» қазақстандық және шет ел дизайнерлерінің сән апталығы 18-20 қазан аралығында «Қазақстан» қонақүйінде өтеді. Биыл Қазақстан мен Грузия коллекцияларының маркалары таныстырылады.

Жобаның бас продюсері Саят Досыбаев биылғы сән апталығына қатысатындар - нағыз  жұлдыздар екенін айтқан болатын.

«Өздерін кәсіби жағынан дәлелдеген шеберлер ғана жарқырап шықпақ. Негізі, біз коллекциялар сапасын арттырғымыз келеді. Бірақ, қазір екінің бірі киім тігіп, өзін модельер атап жүр. Олар көрсетілімдерге қатысып, өнімдерін ұсынғысы келеді, алайда ол Қазақстан сән әлемінің сапасына кері әсер етеді. Сән апталығы аясында шеберлік класы өтеді. Оған Темірбек Жүргенов атындағы өнер институтының студенттері қатысады», - деді Саят Досыбаев.