Алматыда Қазақстан биатлоншылар одағының кубогы өтіп жатыр

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 5-9 қаңтар аралығында Алматыдағы шаңғы-биатлон кешенінде Қазақстан биатлоншылар одағы кубогының бірінші кезеңі өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.

Сондай-ақ, турнир Ванкувер Олимпиадасының күміс жүлдегері Елена Хрусталеваның жүлдесі үшін ұйымдастырылуда.

Жарысқа қатысушылар үш жас санатына бөлінген.

8 қаңтар күні масс-старт бәсекесі өтеді.