деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бір ай бойы өтіп келген этнофестивальдің қорытынды концертінде Алматы қаласының барлық ЖОО-ның және орта арнаулы білім беру орындарының студенттері қатысып, өз өнерлерін көрсетуде. Олар қазақ тілінде әннен және биден, өз тілінде өлең айту мен би билеуден бақтарын сынайды. Этнофестивалдің аталымдары бойынша ең үздік ән айтқан орындаушыға және ең үздік би өнерін көрсеткен қатысушыға арнайы естелік сыйлықтары табысталатын болады. «Фестивальдің мақсаты - ынтымағы жарасқан Қазақстан халқының өнерін жалпақ жұртқа, көрерменге паш етуге мүмкіндік жасау, ұлтаралық достықты нығайту, Қазақстандағы түрлі этнос өкілдерінің бір-біріне өздерінің салт-дәстүрі мен мәдениетін таныстыруына жағдай туғызу болып табылады. Біз осындай шаралар арқылы Алматы қаласының түрлі этнос өкілдері арасындағы байланысты одан әрі нығайта отырып, барлық қазақстандықтарды мемлекеттік тіл - қазақ тілі аясында топтастырып, қазақстандық патриотизмді дамытуға шақырамыз», деді ұйымдастыру комитетінің төрағасы, Алматы қаласы Жастар саясаты жөніндегі басқармасының бастығы Нұрбол Баймұханов.
Аталмыш шара Алматы қаласы Жастар саясаты жөніндегі басқармасы, «Жастардың шығармашылық бастамаларын қолдау орталығы» қоғамдық қорының және Алматы қаласы әкімшілігінің қолдауымен ұйымдастырылып отыр.
Концерттің ашылу салтанатында сөз алған Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Асылы Османның айтуынша, бүгінгі фестивальдің мәні мен маңызы зор. «Бұл шара қоғамды біріктіруге, балалардың елге, жерге, Отанға деген сүйіспеншілігін арттырады. «Бәріміздің Отанымыз - Қазақстан» десек, бұл өзінің шын мәнінде, әсіресе жастарға таптырмайтын іс-шара. Сонымен қатар, мұндай шара патриоттық сезімге қалыптастырады», деп атап өтті А.Осман.