«Бұл көзбен шолу доңғалағы биіктігі жөнінен ТМД аумағында екінші орын алады. Одан биік доңғалақ тек Мәскеудегі Горький саябағында орналасқан. Ал біздің көзбен шолу доңғалағымыз "Mega Alma-Ata" орталығының алдындағы алаңда орналасады. Оның биіктігі - 60 метр болады, яғни 20 қабаттық тұрғын үйдің биіктігімен тең», - деді Н. Смағұлов.
Оның айтуынша, көзбен шолу доңғалағы жыл он екі ай жұмыс істейді және ыңғайлылығы әртүрлі 40 кабинамен жабдықталады.
«Қазір жобалау жұмыстарымен италиялық компания айналысып жатыр. Үстіміздегі жылы шілде айында көзбен шолу доңғалағы іске қосылып, қаламыздың көрікті орындарының біріне айналады деген ойдамын», - деді кәсіпкер.