"2011 жылдың қаңтар айында ашылатын "Ғылым ордасының" құрамына ҚР Ұлттық ғылым академиясы, 12 ғылыми-зерттеу институттары, 6 мұражай, Орталық ғылыми кітапхана енеді. Онда шоғырланатын археология, геология, табиғат мұражайлары мен ҚР ҰҒА алғашқы президенті Қаныш Сәтбаевтың мемориалдық мұражайының қатарына жаңадан ашылатын тағы 2 мұражай қосылады. Біріншісі, Орталық ғылыми кітапхананың Сирек кітаптар және қолжазбалар бөлімінің негізінде құрылатын Сирек кітаптар мұражайы Екіншісі, Қазақстан ғылымының тарихы мұражайы",- дейді "Ғылым ордасы" РМК Бас директоры Бораш Шенсізбаев.
Оның айтуынша, ғылыми мұражайлардың негізінде ғылыми-зерттеу зертханалары да ашылмақ. Онда сондай-ақ, қазыналық кәсіпорындар ғана емес коммерциялық мекемелер ұйымдастыратын барлық ірі ғылыми шаралар да өткізілетін болады.
14:34, 11 Қараша 2010
Алматыда Қазақстан ғылымының тарихы мұражайы ашылады
АЛМАТЫ. 11 қараша. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда 2011 жылы жаңадан 2 мұражай ашылады. Бұл жайында бүгін Алматыда өтіп жатқан "Қазақстандық ғылымның дамуы: дәстүрлер мен келешектер" деп аталатын ғылыми-тәжірибелік конференцияда мәлім болды.