Алматыда Қазақстан кардиологтарының IV конгресі өтеді

АЛМАТЫ. 4 маусым. ҚазАқпарат - Алматыда 6-8 маусым күндері Қазақстан кардиогтарының IV конгресі болады.

Оны Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты мен ҚР Кардиологтар қауымдастығы ұйымдастырып отыр. Оған құрметті мейман ретінде Кардиологтардың еуропалық қоғамының вице-президенті Ф. Пинто мен Бельгия, Португалия, Германия, Венгрия, Италия, Испания, Ресей, Белорус, Украина және Қырғызстан сияқты алыс-жақын шет елдердің жетекші ғалымдары мен мамандары шақырылып отыр.

Конгресте Қазақстан Республикасы Президентінің 27 қаңтардағы ел халқына Жолдауының негізгі бағыттары  мен 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты-Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылуының барысы талқыланады. Сондай-ақ қан айналымы жүйесінен болатын  аурулар мен өлім-жітімді азайту және оның алдын алудың көкейкесті мәселелері жан-жақты қарастырылмақ. Конгресс аясында сонымен қатар, Қазақстан мен Ресейдің жетекші мамандарының шеберлік-дәрістері мен өзге де білім беру шаралары да жоспарлануда.