Алматыда Қазақстан мен Ресейдің ғалымдары екі ел ынтымақтастығының келешегін болжауға тырысты
Бұл бүгін Алматыда өтіп жатқан «Қазақстан-Ресей: стратегиялық серіктестіктің экономикалық және саяси ықпалы» деп аталатын VI ғылыми-тәжірибелік конференцияда сөз болды.
«Екі жақты қатынастағы үдерістерге ұдайы терең талдаулар жасап отыру керек. Екі тәуелсіздік мемлекетте барлық біріктіруші фактор бірдей болуы мүмкін емес. Ұлттық мүдде мен даму ерекшеліктері сияқты жәйттар бар. Сондықтан түрлі қайшылықтардың да болуы заңдылық. Олар болжанып отыру керек. Ынтымақтастықтағы қайшлықтарды өз мақсатына пайдаланып қалғысы келетін тараптар да бар. Біз онымен әрдайым бетпе-бет келіп отырмыз. Өз ішімізде де жақындасуға қарсы адамдар мен топтар жеткілікті», - дейді Ресей ғылым академиясының корреспондет-мүшесі, Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар институт дирекциясының мүшесі Геннадий Чуфрин.
Оның айтуынша, ынтымақтастыққа қарсы тараптың уәждері әртүрлі. Ол үдеріс бұқаралық ақпарат құралдарында тұрақты көрініс тауып отыр Ресейде де, Қазақстанда да. Сондықтан ондағы жарияланымдарды бағаламауға болмайды. Олар өте күрделі.