Алматыда Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының 5-ші ғылыми конференциясы өтіп жатыр

АЛМАТЫ. Сәуірдің 21-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Алматыда 'Жаһандық дағдарыс жағдайындағы Қазақстан мен Ресейдің сауда-экономикалық және қаржы ынтымақтастығының өзекті мәселелері' деген тақырыпта 5-ші Қазақстан-Ресей ғылыми конференциясы өтіп жатыр,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Бұдан 5 жыл бұрын 2006 жылы қыркүйектің 19-ында Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар институтымен бірлесіп Алматыда екіжақты ынтымақтастықтың экономика және қаржы секторындағы проблемаларын зерттеуді бастадық. Сондай-ақ алғашқы конференцияны өткіздік. Бүгінгі конференцияның өзектілігі қаңтардың 1-інен бастап Қазақстан, Ресей және Беларус елдері арасында Кеден одағын құрдық. Енді шілденің 1-інен Бірыңғай экономикалық кеңістік құруды жоспарлап отырмыз", дейді Қазақстанның Стратегиялық зерттеулер институтының директоры Болат Сұлтанов. Саясаттанушы ғалымның айтуынша, біз еуропалықтардың көп жылдық тәжірибесін пайдаланып ынтымақтастықтың тиімді және ұтымды жаңа моделін жылдам құруға қол жеткіздік. Сонымен қатар оның қиын жол екенін де жақсы түсінеміз. Өйткені оған балама болатын басқа жол жоқ.