Өйткені барлық мемлекеттік идеология жазушылар шығармашылығының өзегі арқылы танылады.
Бұл туралы бүгін Алматы қаласында ҚР Жазушыларының одағының кезекті XIV съезінде ҚР Мемлекеттік хатшысы Мұхтар Құл-Мұхаммед мәлімдеді. Ол сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтау хатын оқыды.
Съезде заманауи ұлттық әдебиетті дамытудың одан әрі бағыты талқыланып, белгіленуде. Алдағы форумда шығармашылық жазушылық зиялы қауым қандай да бір мәселе бойынша өз ойларын айтып, оларды жалпыға ортақ талқылауға ұсына алады. Соңғы бес жылда атқарылған жұмысқа баға беріледі, алдағы бесжылдыққа жоспарлар белгіленеді. Әрбір жанр бойынша баяндамалар тыңдалып, жарыққа шыққан кітаптар мен басылымдар талқыланады. Басқарма мүшелері дауыс беру әдісімен төрағаны және хатшылықтың құрамын сайлап, бекітеді.
«Мемлекет жазушыларды әрқашан қолдайды - біз бұл қолдауды Жазушылар одағының қоғамдық ұйым болғанына қарамастан сезінудеміз», - деп мәлімдеді Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, аудармашы ақын Алмат Исаділов.
Съезд жұмысына республикамыздың түкпір-түкпірінен келген Қазақстан жазушылары одағының мүшелері қатысуда.