деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Аталмыш шараның ұйымдастырушылары «Бауыржан» қайырымдылық қоры мен «Аяла» қоры. «Конференцияның мақсаты - еліміздегі қайырымдылық шараларын дамытудың мәселелері бойынша пікірталас алаңын құру болып табылады. Сонымен бірге әлеуметтік саясат пен қайырымдылық шеңберінде алдыңғы қатарда қызмет атқарып жүрген еліміздегі және халықаралық дәрежедегі мамандар мен ғалымдармен, қайырымдылық қорлармен тәжірибе алмасу мақсатында жүргізіледі», дейді ұйымдастырушылар.
Конференция міндеттері - Қазақстандағы қайырымдылық институттарының ерекшеліктерін ашу және олардың даму деңгейін бағалау, мемлекет, бизнес және ҮЕҰ арасындағы қарым-қатынастарды зерттеу және оларды шешу жолдарын қарастыру, Қазақстандағы қайырымдылықтың әлсіз және күшті жақтарына талдау жасау және олардың даму мүмкіндіктерін көрсету.
Конференция жұмысына әлеуметтік саясат және қайырымдылық бағытында қызмет атқарып жүрген қазақстандық және шетелдік жетекші мамандар, танымал саясаткерлер, әлеуметтанушылар мен қоғамдық ұйымдардың, БАҚ және мемлекеттік билік органдарының өкілдері қатысады.
Конференция барысында «Қазақстандағы қайырымдылық әлеуметтік институт негізінде: тарихы және дамуы», «Мемлекет және қайырымдылық», «БАҚ қайырымдылық шараларды дамытудағы рөлі», «Бизнес және қайырымдылық» атты тақырыптық секциялар ұйымдастырылады.