18:09, 23 Сәуір 2009
Алматыда «Қазақстандағы нефрологтар күні» халықаралық семинары өтіп жатыр
АЛМАТЫ. Сәуірдің 23-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ -Алматыда 3-ші «Қазақстандағы нефрологтар күні» халықаралық семинары өтіп жатыр,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Шараны Қазақстандағы нефрологтар қауымдастығы, С.Асфандияров атындағы ҚазҰМУ, ISN-CONGAN-нефрологияны жаһандық дамыту жөніндегі комиссия, ERA-EDTA-Еуропалық нефрологиялық қауымдастық, еуропалық диалитз және трансплантация қауымдастығы, Ресей диализдік қоғамы бірлесіп ұйымдастырған.Шараға Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан елдерінен нефролог мамандар, ғалымдар қатысуда. Отырыста бүйрек ауруары,бүйректі ауыстырып салу мен гемоделиздеу, бүйрек аурулары барларды қолдау, аурулардың алдын-алу мәселелері талқылануда.Қазақстандық нефрологтар қауымдастығының президенті Әсия Қанатбаеваның айтуынша, бізде нефрологиялық қызмет әлемдік деңгеймен салыстырғанда әлі дұрыс қалыптаспаған. Бұған жоғары технологиялар мен мамандардың жоқтығы себеп. Осы бағытта қауымдастық мамандарды дайындау мен білімін жетілдіруді басты мақсат ретінде жолға қойған. Алматы мен Астанада арнайы нефрологитар мектебі жұмыс істейді. Онда Ресей, Австрия, Германияның білікті мамандары дәріс өткізеді.
«Бізді толғандыратын мәселе - елімізде бүйрек ауруларымен ауыратындар саны артып отыр. Бүйрек ауруы барлық аурулардың бастауы болып табылады. Сондықтан бұл мәселеге байыппен қарау қажет», дейді Қазақстан нефрологтар қауымдастығының президенті. Семинар жұмысы 25 сәуірге дейін жалғасады.