Алматыда Қазақстандағы парламентаризмнің 20 жылдық қорытындысына арналған дөңгелек үстел өтіп жатыр

АЛМАТЫ. 15 желтоқсан. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Алматыда "Қазақстандағы парламентаризмнің 20 жылдық қорытындысы. Бағалаулар, келешек" деген тақырыпта дөңгелек үстел жиыны өтіп жатыр.

Басқосуды "Қазақстанда парламентаризмді дамыту қоры" қоғамдық қоры мен "Взгляд" газеті ұйымдастырып отыр. Бұл шараға Парламент Мәжілісі мен Сенатының барлық шақырылымынан өкілдер және саяси партиялардың, қоғамдық ұйымдардың жетекшілері мен саясаттанушылар, заңгерлер шақырылған. Олар бұл кеңесте: Елдегі тұрақтылық пен келісімді сақтау үшін қандай Парламент керек? Парламент шақырылымдарының көпшілігі неліктен өзінің констициялық мерзіміне дейін жұмыс істемеді деген сияқты сауалдарды талқылауда.