Оны Қазақстанның тең құқық пен тең мүмкіндік институты мен «Нұр Отан» ХДП-ның қалалық филиалы ұйымдастырып отыр. Бұл алқалы жиынның басты мақсаты - қоғам мен құзырлы органдардың назарын банктік заем мен өзге де коммерциялық келісімшарттар жасаған кезде балалардың өмірі мен баспана құқының бұзылмауына аудару. Оған министрліктер мен ведомстволардың жетекшілері, мемлекеттік құрылымдардың және Ұлттық банк пен екінші деңгейлі банктердің уәкілдері, банктік омбудсмендер, халықаралық және коммерциялық емес өзге де ұйымдардың өкілдері қатысады деп жоспарлануда.
15:32, 13 Қазан 2011
Алматыда Қазақстандағы тұрғын үй мәселесіне арналған алқалы басқосу өтеді
АЛМАТЫ. 13 қазан. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда 18 қазанда «Қазақстандағы тұрғын үй мәселесіне психолгиялық әл-ауқат және балалардың өмірі мен баспана құқын қорғау тұрғысынан көзқарас» деп аталатын дөңгелек үстел жиыны өтеді.