Алматыда қазақстандық өнер апталығы өтеді
15:05, 11 Мамыр 2010
АЛМАТЫ. Мамырдың 11-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Мамырдың 20-25 аралығында Алматыда «Қазақстандық өнер апталығы» халықаралық көрме-конкурсы өтеді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат .
Аталған шара аясында фотоөнер, кескіндеме, мүсін, қолданбалы өнер, сурет салалары бойынша конкурстар, шеберлік сыныптары мен семинарлар, «дөңгелек үстел» мәжілістері өтеді. Конкурсқа қатысушылардың жұмыстарын отандық және халықаралық беделді әділқазылар алқасы саралайды. Барлық жұмыстар халықаралық «Өнердегі жаңа ашылулар /New Faces in Arts» каталогына жарияланады. Сондай-ақ жеңімпаздардың жұмыстары халықаралық (Мәскеу, Russian Art Week), (Санкт-Петербург, St.-Petersburg's Art Week), (Братислава, Slovakian Art Week), (Киев, Ukrainian Art Week), ( Минск, Belarus Art Week), (Мадрид, Art Week in Spain), ( Больцан, Euro Art Week), ( Варшава, Polish Art Week) көрмелерге жіберіледі.