Олимпиадашыларды Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов бастаған 200-ден астам велосипедшілер қолдады. Велосипедшілер «Сұңқар» шаңғы трамплині халықаралық кешенінен Орталық стадионға дейін жүріп өтті, осы жерде шараның ресми бөлігі болды.
Велошеру қатысушылары алдында сөйлеген сөзінде әкім спорт жетістіктерінің елдің беделін қалыптастырудағы маңызын атап көрсетті. Олимпиададағы жеңіс қазақстандықтардың жалпыға ортақ қуанышы мен мақтанышын туғызумен қатар әлемнің біздің елімізге ықыласын едәуір арттырды.
«Бүкіл елімізді ұйымдастырып, барша әлемге Қазақстанның атағын асқақтатқандардың бәріне рахмет!», - деді Velostan.kz велоқоғамдастығының өкілі Думан Қапасов.