Алматыда Қазақстанның Бірінші Ұлттық ғылыми-технологиялық форсайтқа арналған конференциясы өтеді

АЛМАТЫ. 5 ақпан. ҚазАқпарат / Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда 11 наурызда Қазақстан Республикасындағы Бірінші Ұлттық ғылыми-технологиялық форсайтқа арналған конференция өтеді.

Оны ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы Жолдауында және «Нұр-Отан» ХДП-ның ХІІІ съезінде жүктеген міндеттерін орындау мақсатында «Ұлттық инновациялық қор» АҚ-ы ұйымдастырып отыр. Ғылыми-технологиялық форсайт ұлттық инновациялық жүйенің әртүрлі субъектілерімен ортақ пікірге келу негізінде аса қажетті технологиялар мен басқа да салаларды жетілдіруге бағытталған еліміздің одан ары даму бағыттарын анықтауды мақсат тұтуда. Конференцияға 300-ден астам халықаралық сарапшылар және ғылым, бизнес саласындағы әртүрлі қауымдастықтар мен одақтардың өкілдері қатысады деп жолспарлануда.